«Dombyra» Ұлттық телеарнасы Отау ТВ-ға ақысыз қосылуы керек
Елбасымыз өзінің тарихи шешімімен шілденің 1-ші жексенбісін «Ұлттық Домбыра күні» деп белгіледі. Халқымыздың көңілінен шыққан бұл күн үшінші рет мемлекеттік деңгейде атап өтілді.
Ал осы мақсатты әрі қарай дамыту үшін 2019 жылғы 1 наурыздан бастап тәулігіне 24 сағат Ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін «Dombyra» Ұлттық телеарнасы іске қосылды.
Қазақ халқының рухани жан серігіне айналған дәстүрлі әндерін, жыр-термелері мен күйлерін халыққа барынша насихаттайтын телеарнаның ашылуы рухани жаңғырудың өзекті бір саласына жан бітірді.
Қазіргі таңда «Dombyra» Ұлттық телеарнасы ID TV кабелдік желісі арқылы көрсетілуде. Біз телеарнаны халықаралық ақпараттық кеңістікке және еліміздегі шалғай 5000 ауылды мекенге шығару үшін OTAU TV жерсеріктік телевизия желісіне ақысыз қосу мәселесін жедел шешу қажет деп санаймыз.
Мұндай қоғамдық – әлеуметтік маңызы бар мәселеге еліміздің Президенті деңгейінде көңіл бөлініп, Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігіне тиісті тапсырма беруін сұраймыз.
Телеарнаның бағыт - бағдары Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған сананы жаңғыртуға, Ұлттық болмыс -бітімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.
Сондай - ақ, Мемлекет басшысының «Мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажет, әрі дұрыс бастама» деп атап көрсеткенін де басшылыққа алған жөн деп есептейміз.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі - өнеріміз бен қара домбыраны дүние жүзіне таныту үшін әуелі оның қасиетін, бағасын өзіміздің жастарымыз білуге, ұғынуға тиіс.
Телеарна арқылы Ұлттық мәдениетімізге деген олардың құрметі мен сүйіспеншілігі қалыптасады.
Сондықтан, атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадірін арттыра беру үшін жоғарыда аталған телеарнаның болашақ тағдырына алаңдаушылық білдіре отырып, Сіздердің отаншылдық сезімдеріңізге, азаматтық шешімдеріңізге үміт артамыз.
1.Мемлекет және қоғам қайраткері
Мұрат Әуезов
2.ҚР Еңбек сіңірген əртісі, профессор
Асанәлі Әшімов
3.ҚР халық әртісі
Алтынбек Қоразбаев
4.ҚР Еңбек сіңірген əртісі, академик
Секен Тұрысбеков
5.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Көпен Әмірбек
6.ҚР халық әртісі
Қайрат Байбосынов
7.ҚР халық әртісі
Тұңғышбай Жаманқұлов
8.ҚР халық әртісі, профессор
Талғат Теменов
9.ҚР Еңбек сіңірген əртісі, профессор
Қапаш Құлышева
10.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Жүрсін Ерманов
11.ҚР Еңбек сіңірген əртісі
Роза Рымбаева
12.ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, профессор
Амангелді Айталы
13.ҚР халық әртісі
Досқан Жолжақсынов
14.ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор
Рамазан Стамғазиев
15.ҚР еңбек сіңірген артисі
Майра Ильясова
16.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Жанғали Жүзбай
17.ҚР Мәдениет қайраткері, профессор
Амандық Көмекұлы
18.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Ұлжан Байбосынова
19.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Сәуле Жанпейісова
20.ҚР Еңбек сіңірген əртісі
Қанат Құдайберген
21.ҚР Мәдениет қайраткері, профессор
Абдулхамит Райымбергенов
22.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Біләл Ысқақов
23.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Айтбек Нығызбаев
24.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Елмұра Жаңабергенова
25.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Еркін Шүкіманов
26.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Нұржан Жанпейісов
27.Мәдениет саласының үздігі
Шолпан Даржанова
28.ҚР Еңбек сіңірген əртісі
Айгүл Үлкенбаева
29.ҚР Еңбек сіңірген әртісі
Ақжол Мейірбеков
30.ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Бекжан Тұрыс
31.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Дәулеткерей Кәпұлы
32.Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры
Әсия Мұхамбетова
33.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,профессор
Ерболат Мустафаев
34.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Сержан Шахрат
35.ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, профессор
Айтжан Тоқтаған
36.ҚР Еңбек сіңірген əртісі
Айтжамал Биғалиева
37.Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы
Елікбай Иса
38.Қазақстан Жазушылар одағының төрағасының орынбасары
Ақберен Елгезек
39.ҚР Еңбек сіңірген əртісі
Марат Омаров
40.Қазақстан жазушылар одағының төрағасының орынбасары
Бақыт Беделхан
41.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сенатор
Нұртөре Жүсіп
42.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Дархан Мыңбай
Құрметпен, Қол қойғандар
Петиция Петиция Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген тұлғаларынан к «Dombyra» Ұлттық телеарнасы Отау ТВ-ға ақысыз қосылуы керек Бұл шығарылып жазылған Dombyra Ұлттық телеарнасы (dombyra.tv@mail.ru). Бұл петиция көпшілік интернет-серверде болады www.OnlinePetition.Kz. Қызмет иелерінің және спонсорлардың петицияға байланысы жоқ. Техникалық және тағы басқа сұрақтармен мына мекенге жазыңыз webmaster@onlinepetition.kz
Петиция Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген тұлғаларынан
Елбасымыз өзінің тарихи шешімімен шілденің 1-ші жексенбісін «Ұлттық Домбыра күні» деп белгіледі. Халқымыздың көңілінен шыққан бұл күн үшінші рет мемлекеттік деңгейде атап өтілді.
Ал осы мақсатты әрі қарай дамыту үшін 2019 жылғы 1 наурыздан бастап тәулігіне 24 сағат Ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін «Dombyra» Ұлттық телеарнасы іске қосылды.
Қазақ халқының рухани жан серігіне айналған дәстүрлі әндерін, жыр-термелері мен күйлерін халыққа барынша насихаттайтын телеарнаның ашылуы рухани жаңғырудың өзекті бір саласына жан бітірді.
Қазіргі таңда «Dombyra» Ұлттық телеарнасы ID TV кабелдік желісі арқылы көрсетілуде. Біз телеарнаны халықаралық ақпараттық кеңістікке және еліміздегі шалғай 5000 ауылды мекенге шығару үшін OTAU TV жерсеріктік телевизия желісіне ақысыз қосу мәселесін жедел шешу қажет деп санаймыз.
Мұндай қоғамдық – әлеуметтік маңызы бар мәселеге еліміздің Президенті деңгейінде көңіл бөлініп, Ақпарат және Қоғамдық да... >>