Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Маңғыстау облысында уран өндірісі ашылуына байланысты 1960-жылдардың басында Каспий теңізінен 7 шақырым, Ақтау қаласынан 3 шақырым қашықтықта Ақтаудағы кен байыту комбинатының ағынды радиоактивті суларының Қошқар-ата зираты маңындағы шағын ойпатқа құйылуынан Қошқар-ата улы көлі пайда болды.
Бұл көлдің улы аталатын себебі — жалпы ауданы 66 шаршы шақырымды құрайтын көлге 105,1 млн. тонна радиоактивтік қалдықтар, соның ішінде белсенділігі 11,240 мың кюри болатын 51,8 млн. тонна уран рудасының қалдықтары төгілген.
Совет заманында жүргізілген уран өндірісі бүгінгі күні Маңғыстаудың басты экологиялық мәселесіне айналып отыр. Атап айтсақ, ашық әдіспен жүргізілген уран өндірісінің Ұйқылы кенорнындағы карьерлері әлі күнге дейін ашық күйінде маңындағы елді мекендерге қауіп төндіріп жатыр. Ал, осы уранды байытып-өңдеумен шұғылданған тау кен зауытының (ХГМЗ) қирандысы қоршаған ортаға аса жоғары радиациялық фон таратып жатыр.
Ең өкініштісі - тәуелсіздік алған жылдары Маңғыстаудың сыздауықтай сыздаған осы экологиялық нүктелерінің барлығының тап іргесінде он мыңдаған тұрғыны бар Басқұдық, Батыр, Қызылтөбе сияқты ірі елді мекендер пайда болды. Бұдан бөлек, Қошқар-ата көлі тарапынан шығыстан соғатын желдің бағытында 200 мыңнан аса тұрғыны бар Ақтау қаласының, жиырма бес мың тұрғыны бар Ақшұқыр, Сайын ауылдарының қалып қойғаны да елді алаңдатуда.
Қошқар ата көліне 2003-2007 жылдары «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы», 2006 жылы «Экосервис» ЖШС тарапынан ғылыми-зерттеу және мониторинг жұмыстары жүргізілген.
Алайда осы зерттеу нәтижесінде улы көлді залалсыздандыру бағытында әр жылдарда шағын көлемде жүргізілген жұмыстар мәселені шешпеді.
2013 жылдан бастап осы улы көлге жақын орналасқан Басқұдық, Дәулет, Маңғыстау, Қызылтөбе, Баянды сияқты Мұнайлы ауданы тұрғындарының арасында рак ауруы 15%, жүрек-қан тамыры ауруларының көрсеткіші 15% артқан. Сонымен қатар, өңір тұрғындары арасында дистрофиялық аурулармен ауыратындардың саны соңғы 10 жылда 2500 адамнан 4500 мың адамға дейін өсіп отыр. Денсаулық сақтау саласындағы жағымсыз көрсеткіштердің күрт артуына қалыптасуына улы көлдің тікелей әсері бар екенін ешкім жоққа шығара алмас.
Былтырғы жылы улы көлді залалсыздандыру жұмысы Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан қайта қолға алынып, республикалық бюджеттен 100 млн. теңге көлеміндегі қаражат бөлініп, мердігер ұйыммен 15,5 млрд. теңгеге келісімшарт жасақталған еді.
Биыл, 2021 жылдың 12 наурызы күні мердігер өз қаражаты есебінен рекультивациялау жұмыстарын бастап, бүгінгі күнге 100 га аумақты 300 000 м3 топырақпен көмгенімен, белгісіз себептерге байланысты бөлінген 100 млн. теңге кері қайтарылып, жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы қайта қарауға ұсынылуына байланысты әжептәуір басталған жұмыстың орта жолдан тоқтағанын естіп, бұған наразы болып отырмыз.
«Қошқар-ата» улы көлін залалсыздандыру жұмысы міне, жоғарыда көрсетілгендей соңғы 30 жылда жүйесіздіктен, жанашырлықтың жоқтығынан, халықтың денсаулығына немқұрайлы қараудан ретсіз, аяқсыз қалып келеді. Бұл экологиялық мәселе бүгінгі таңда Маңғыстауда тұратын 750 мың халықтың денсаулығын тәуекелге, келешек ұрпақтың тағдырын тығырыққа тіреп тұр.
Құрметті Президент мырза!
ҚР Конституциясында мемлекеттің ең басты қазынасы – адам деп қадап айтылған. Ендеше, миллионға жуық халықтың тағдыры осы бір улы көлдің кесапатына байланысты екенін қаперіңізге береміз!
Өзіңіздің тікелей араласуыңызды қажет етіп отырған Маңғыстау өңірінде қалыптасқан осы экологиялық мәселені бақылауыңызға ала отырып, бүкіл бір өңірдің бас ауруына айналған «Қошқар-ата» улы көлін залалсыздандыру жұмыстарын жеделдете жүргізіп, аяқтауға нұсқау беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен, Маңғыстау облысы тұрғындары:
Құрметпен, Қол қойғандар
Петиция Қиындыққа тап болған Маңғыстау экологиясы к Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа Бұл шығарылып жазылған Инициативная группа граждан Мангыстау (info@ecomangystau.kz). Бұл петиция көпшілік интернет-серверде болады www.OnlinePetition.Kz. Қызмет иелерінің және спонсорлардың петицияға байланысы жоқ. Техникалық және тағы басқа сұрақтармен мына мекенге жазыңыз webmaster@onlinepetition.kz
Қиындыққа тап болған Маңғыстау экологиясы

Ең... >>