Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлына
Саламатсыз ба Қасымжомарт Кемелұлы! Сіз біздің осы жан айғайымызға назар аударуыңызды сұраймыз. Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары, яғни "Loto Club" құмар ойынханасынан зардап шегушілер. Соңғы кездері бүкіл Қазақстан бойынша "Loto Club" құмар ойынханасы саңырау құлақша қаптап кетті. Біздің балаларымыз, іні-ағаларымыз, әкелеріміз, тіпті әйел адамдар да бар, барлығы осы Loto Club ойынханасының құрбаны болып отыр. Осы ойынхананың кесірінен қаншама отбасы ойрандалып жатыр, қаншамасы өз-өзіне қол жұмсап өліп кетіп жатыр. "Loto Club" ойынханасы жастарымыздың санасын әбден улап бітті, қарызға кіргізіп, белшеден несиеге батырып, одан қалса қылмысқа итермелеп жатыр. Өз көзімізбен көріп жүрміз, қаншама жас жігіттер осы "Loto Club" ойынханасында бүкіл ақшасын ұтылып, азып-тозып, үйлеріне баруға қорқып подъездерде түнеп жүр. "Loto Club" ойынхансы келесі проблемаларға әкеліп соғуда:
1- Отбасын ойрандау.
2- Қарызға белшеден бату.
3- Ойын ойнауға Несие алу.
4- Бірнеше Микро қаржы яғни Жылдам ақша секілді ұйымдардан қарыз алу.
5- Бүкіл еңбек айлығын құмар ойынға салу.
6- Әркімге өтірік айтып, өтірік уәде беріп, қайткенде құмар ойынға ақша табу.
7- Сан түрлі қылмыс жасау, ұрлау, тонау т.б.
8- Үйдегі қымбат бағалы заттарды ұрлап ломбардқа тапсыру.
9- Жұмыс орнынан заттарды ұрлап сату.
10- Үйдегі жанжал.
11- Өз-өзіне қол жұмсау.
Бұл айтылғандар тек басты проблемалар, біз білмейтін қаншама жағдайлар болып жатыр осы құмар ойындарының кесірінен. Үйімізден береке, тыныштық кетті, күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айрылдық. Ата аналары бүкіл тапқан табысын балаларының істеген жаргон тілімен айтқанда "Косяктарын" жабуда. Біреудің күйеуі, біреудің ағасы, біреудің інісі, біреудің әкесі сондай құмар ойынның құрбаны болып жүр және әрқайсысы иттей болса да бауыр, туғаны-туыс. Сондықтан әрқайсымыз өз туысымыз үшін шырылдаудамыз.
Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы, жоғарыда айтылған зар-мұңымыздың бұл тек іріктеліп алынғаны ғана. Құмар ойыннан зардап шегіп отырған отбасының сан алуан оқиғалары бар, тіпті ақылға қонбайтын оқиғалар болып жатыр. Оның бәрін тізбектеп жазатын болсақ, бірнеше томдық энциклопедия болады. Қазақстан Республикасының заңы бойынша Құмар ойындары тек 1-2 қалашықта рұқсат етілген, ал қазіргі таңда Loto Club ойынхансы бүкіл Қазақстан облыстарында ашылуда. Loto Club қызметкерлерінің айтуынша олар тек жай ғана лоторея ойнатамыз дейді, және біздің ойындар ешқандай құмарлық казино ойындарына жатпайды-деп ақталуда. Loto Club ойынханасында Keno, Bingo 37, Bingo 38, ойындары бар, яғни бұлар нағыз казино ойындары, бұл ешқандайда лотерея емес. Онымен қоса ішімдік беріп, кешкі таман стриптиз және массаж жасайтын жартылай тыр жалаңаш қыздар жігіттеріміздің басын одан сайын көрге тығуда. Loto Club ойынхансы онсызда азып тозып жүрген ойыншыларға күнде СМС хабарлама арқылы шақырту таратуда. Сан алуан фото-видео материалдарды WhatsApp желісі арқылы таратып, ойыншылардың көзін қызықтырады. Сөйтіп үйде тыныш отырған балаларымызды азғырып шақырады. Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы, осы себептен Сізден, Қазақстан Республикасының барлық аймақтарыннан "Loto Club" құмар ойынханасын жабуыңызды сұраймыз. Барлық құмар ойынханасы жабылсын! Соның ішінде Loto Club біріншіден жабылсын. Бұл мәселені жай қалдыруға болмайды, бұның соңы жақсылықпен бітпейді. Осы проблеманы қолға алып, барлық Loto Club ойынханасын және телефонда онлайн ойналатын Loto Club қосымшасы (приложение) жабылуын талап етеміз!Loto Club сайтына сілтеме: https://lotoclub.kz/
Құрметпен, Қол қойғандар
Петиция Loto Club құмар ойынханалары жабылсын! к Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлына Бұл шығарылып жазылған Куаныш Куаныш (kuanwin@mail.ru). Бұл петиция көпшілік интернет-серверде болады www.OnlinePetition.Kz. Қызмет иелерінің және спонсорлардың петицияға байланысы жоқ. Техникалық және тағы басқа сұрақтармен мына мекенге жазыңыз webmaster@onlinepetition.kz
Loto Club құмар ойынханалары жабылсын!
Саламатсыз ба Қасымжомарт Кемелұлы! Сіз біздің осы жан айғайымызға назар аударуыңызды сұраймыз. Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары, яғни "Loto Club" құмар ойынханасынан зардап шегушілер. Соңғы кездері бүкіл Қазақстан бойынша "Loto Club" құмар ойынханасы саңырау құлақша қаптап кетті. Біздің балаларымыз, іні-ағаларымыз, әкелеріміз, тіпті әйел адамдар да бар, барлығы осы Loto Club ойынханасының құрбаны болып отыр. Осы ойынхананың кесірінен қаншама отбасы ойрандалып жатыр, қаншамасы өз-өзіне қол жұмсап өліп кетіп жатыр. "Loto Club" ойынханасы жастарымыздың санасын әбден улап бітті, қарызға кіргізіп, белшеден несиеге батырып, одан қалса қылмысқа итермелеп жатыр. Өз көзімізбен көріп жүрміз, қаншама жас жігіттер осы "Loto Club" ойынханасында бүкіл ақшасын ұтылып, азып-тозып, үйлеріне баруға қорқып подъездерде түнеп жүр. "Loto Club" ойынхансы келесі проблемаларға әкеліп соғуда:
1- Отбасын ойрандау.
2- Қарызға белшеден ба... >>